9-15 желтоқсан аралығына арналған жұлдыз жорамал

1504
көрілім

Тоқты

Көптеген Тоқтылар үшін осы апта біршама сәтті болмақ. Өзіңізді жақсы қырыңыздан көрсетіп, кәсіби тұрғыда ісіңіз ілгерілейді. Жалпы осы уақыт біршама қызық болғалы тұр: Тоқтылар өздерінен кімнің не күтіп тұрғанын бірден ұғып, алдын ала шығу жолдарын іздеп тұрады. Егер әлдекімдер пайда түсіретін ұсыныстар айтса, соны қабылдаймын деп шығынға батып жүрмеңіз

Торпақ

Осы аптада Торпақтардың шаруасы шашетектен болса да бәрін уақтылы тындырады. Айналадағы адамдармен тіл табыса білу күрмеуі қиын сауалдарға жауап тауып, белгілі бір мөлшерде табыс әкелмек.

Егіздер

Өзіңізді рухани тұрғыдан да жан-жақты дамыта түскіңіз келсе жол ашық. Десе де бұл қадамға бармас бұрын біршама кедергілерге кезігіп, соларды біржақты етіп алуыңыз тиіс. Қысқасы, ерік-жігеріңіз бен мақсатшылдығыңыздың арқасында ойлағаныңызды ойдағыдай іске асырып, қалағаныңызға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Шаян

Бұл апта сізге жоспарлаған жұмыстарыңызды алаңсыз аяқтауға қолайлы. Ұжымда тапқырлық танытып, күрмеуі қиын мәселелердің шешімін табуға себепші боласыз. Онымен қоса мәнсап жолыңыз да ашыла түседі. Ойыңызды бастығыңыз да, әріптестеріңіз де қолдап, көп назары ұдайы сізге түседі.

Арыстан

Жұлдыздар Арыстандарға қырағылық танытып, ойда жоқта аяқтан шалушылардан сақтануға шақырады. «Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп, сақалынан айырылыптының» кері болып жүрмесін. Қазіргі уақытта біршама Арыстанның ісі алға баспай, жұмыста да шаршаңқы жүрулері мүмкін.

Бикеш

Бұл аптада сәттілік Бикештер жағында. Иә, бәлкім таңданып тұрған шығарсыз, дегенмен осы уақыт батыл қадамдар жасайтын мерзім. Жалғызбасты Бикештерге сүйіктісін табуға сәті түсіп тұр. Сіздің күш-қуатыңыз артып келеді. Келбетіңіз де келісіп, күрделі мәселелерді шешуге тастүйін дайынсыз. Одан бөлек, қазір дүкен аралап, реңіңізді ашатын киімдер алсаңыз да артық етпейді.

Таразы

Аптаның соңына қарай табыс көзін арттыруды көздеп, едәуір күшіңізді сарқып алуыңыз мүмкін. Табиғатыңызға тән қаталдық пен бірбеткейлік жақындарыңызбен ара қатынасыңызды үзуге себепші болса, сабырлық сақтай біліңіз. Осындай ұрыс-керістің шығуына сіздің айналаңыздағы адамдарға өз ойын ережеңізді енгізуге тырысқаныңыз басты себеп. Сондықтан кей сәттерде салқынқандылық танытқаныңыз абзал.

Сарышаян

Осы аптада белсенділігіңіз арта түседі. Күш-қуатыңыз артып, нәзік жандылардың назары сізге түсуі мүмкін. Алайда жағдайды үнемі бақылауда ұстауға тырысыңыз, әйтпесе асығыс қабылданған шешімдер қаржылық қиындықтарға әкелуі ғажап емес. Қуанышқа қарай, Сарышаяндардың қолы ашық достары қолдан келген көмектерін аямайды.

Мерген

Мәнсабыңызда өзгерістер болып, жаңа қызметке тағайындап жатса оған да әзір болыңыз. Қандай жағдай болмасын, игілігі мол болайын деп тұр. Әлдекімдердің көмегін күтемін деп ойлағаныңыз жүзеге аспай қалмасын. Не болса да өзіңіз бірінші болып әрекет етіңіз. Апта соңына қарай рухани тұрғыда байи түсесіз.

Тауешкі

Қаржылық жағдайды реттеуге қолайлы кезең. Ықпалды адамдармен қарым-қатынасқа кірсеңіз, қызметіңізде ілгерілеу байқалып, жаңа мүмкіндіктер туындамақ. Бойыңыздағы талантыңызды көріп, айналаңыздағылар таң-тамаша болулары мүмкін. Ішкі сырыңызды аша бермеңіз, ойда-жоқта әлдебіреулер жолыңызды кес-кестеп жүрмесін. Алайда Тауешкілердің еңбекқорлығы әріптестерінің көңілінен шығып, біршама қолдауға ие болары сөзсіз.

Суқұйғыш

Алдағы апта отбасылық және қаржылық мәселелердің бір шетін шығаруға қолайлы. Сәттілік әдеттегідей сіздің жағыңызда. Бейтаныс адамдармен байланыс орнатып, достық шеңберіңізді кеңейтсеңіз алдағы қарбалас күндерде сізге қолұшын беруге дайын жандарды кезіктіресіз. Ал шешендігіңіз бен суырыпсалмалығыңыз күрделі мәселелер туындағанда ойыңыз бір жерден шығатын жандарды жолықтыруға мүмкіндік береді.

Балықтар

Аптаның алғашқы жартысы тұрмыстық заттар сатып алып, үйіңізге пәтеріңізді жаңалауға ыңғайлы кез. Дегенмен тұрғын үй және отбасылық мәселелерді шешемін деп бар ықыласыңызды арнасаңыз, «жұмысқа атүсті қарадыңыз» деп басшылық тарапы ескерту айтуы мүмкін. Абзалы, өзіңізге көп жүктеме ала бермеңіз.