22-28 шілде аралығына арналған жұлдыз-жорамал

372
көрілім

Тоқты
Жақындарыңызға қолдау көрсетемін деп талай тер төгесіз. Қалыс қалуға және болмайды. Бұл апта табиғат аясында демалуға өте қолайлы. Егер мүмкіндік болса жексенбі күндері саяжайға барыңыз. Жан-тәніңіз демалсын.
Торпақ
Бұл аптада тек жұмысыңызға көңіл бөліңіз. Моральдық, материалдық та бонус алу үшін ерінбей еңбек етіңіз. Бұл күндері көшіп-қонуға немесе жиһазды орнынан ауыстыруға болмайды. Ал үй ішін жинастырып, жуып-шаямын десеңіз – мархабат!
Егіздер
Бұл аптада сіз өзгелердің ықпалына түсуіңіз мүмкін. Өзіңізді өзіңіз алдамаңыз. Жұмыста өсек пен қауесет желдей есуі мүмкін, бірақ сіз оған мән бермеңіз. Жауларыңызға қырғидай тиіңіз. Блаларыңызға аялы алақаныңызды сездіріп, жұбайыңызға жұмсақ мінезіңізді танытыңыз.
Шаян
Аптаның бірінші жартысында жүйкеңізді тоздырар сәттер боуы мүмкін. Бәлкім, достарыңыздың көмегі қажет болып қалар. Есесіне кімнің кім екенін біліп аласыз. Қиын сәтте қасыңызда табылғандарға ризашылығыңызды білдіріңіз.

Арыстан
Бұл аптада сізді романтикалық кездесулер күтіп тұр. Екінші жартыңызбен жарасымды бір күй кешесіз. Жалғызілікті Арыстандар ортақ назарға ілігеді. Бірақ еш ойланбастан әрекет жасай көрмеңіз.
Бикеш
Бұл аптада ойда жоқ шығынға батуыңыз мүмкін. Дегенмен оған түсіністікпен қараңыз. «Шығын шықпай кіріс кірмейді»  деген, таяу күндері олжа өзінен өзі келеді. Жұлдыздар саяжайдағыларға ескертеді: тым артық қимылдамаңыз, ескі сырқатыңыз сыр бенруі мүмкін.
 
Таразы
Жанұядағы түйткілді мәселелерді шешу бірінші қатарға қойылады. Жағдайды ұшықтармас үшін сіз кішілік танытыңыз. Имиджіңізді түбегейлі өзгертуге ұмтылмаңыз. Оданда ішкі ағзалардың жұмысын бақылап, дәрігерге қаралуға жазылыңыз.

Сарышаян
Бұл аптада жоқ нәрсеге күйіп-пісетін боласыз. Расында да туыс адамның көңілін табу қиынның қиыны. Мүмкіндік болса оңаша қалып жаныңызды да, тәніңізді де сергітсеңіз болады.

Мерген
Сіздің жанұяңызда жанға жайлы бір кезең қалыптасады. Сол сәтті жіберіп алмаңыз. Бұл аптада қомақты сауда жасамаңыз, несие алмаңыз. Оданда ақша іркіп, жинаңыз. Үлкендермен  көп кикілжіңге жол бермеңіз.

Тауешкі
Дімкәстігіңіз құрған жоспарыңыздың берекесін кетіреді. Кез келген келеңсіз жәйтке абай болыңыз. Бұл кезеңде саяхатқа шыққаныңыз дұрыс.
Суқұйғыш
Бұл аптада арқаны кеңге  салуға болмайды. Қанша жұмыс болса, сонша жоспар мақсат бар! Ақша мәселесіне абай  болыңыз: алаяқтың арбауына түсуіңіз мүмкін. Тіпті мардымсыз болса да өкінішті. Шілденің 27-28 күндері жақсы ұсыныс түсуі ғажап емес.

Балықтар
Басшыңызбен арадағы қарым-қатынасқа жік түсуі мүмкін. Бастығыңыз сізді кінәлайды. Берік болыңыз! Ал отбасыңызда бәрі де сәтімен болады. Жанұядағы жарасымдықты сақтау үшін жексенбіде табиғат аясына шығып келсеңіздер де артық етпейді!