Биыл Өскемендегі жол инфрақұрылымын дамытуға 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді

246
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл туралы шаһар әкімі Жақсылық Омар мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мұншама сома қалалық қазынадан бөлініпті. Жақсылық Мұқашұлының айтуынша, бұл қаржы былтырмен салыстырғанда екі есеге көп.

– Жол инфрақұрылымын дамытуға 2,3 миллиард теңге бөлінді. Осының ішінде орташа жөндеуге – 1,7 миллиард, 257 миллион теңге шұңқырларды тегістеу үшін бөлінген. Орташа жөндеу жұмыстары Қазақстан, Қабанбай батыр, Красина, Стахановская, Крылов, Қалихан Ысқақ, Буров сынды көшелер мен Сәтпаев даңғылын қамтиды, – деді әкім.