Бұқтырмада баспана жалдамақ болып алаяқтықтың құрбаны болды

299
көрілім
Шартты сурет

Зардап шеккендердің барлығы демалыс үйін жалға беру туралы хабарландыруға өтініш білдірген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алтай аудандық ішкі істер бөліміне Өскемен қаласының 56 жастағы тұрғыны белгісіз біреулерге алданып қалғанын айтып арызданған. Әйел Бұқтырма су қоймасының жағасынан үй жалдамақ болып, 50 мың теңгені иесіне алдын-ала жіберген, бірақ өзіне қажет қызмет түрі көрсетілмеген.

- Криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасаған күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Өскемен қаласының 21 жастағы тұрғыны, деп хабарлады ШҚО ІІД.

Тергеушілердің айтуынша, жігіт дәл осылай тағы екі адамды алдаған. Бұл жағдайда келтірілген шығын көлемі 48 мың теңгені құраған.