Келер жылы Олимпиада ойындарының қай кезде өтетіні белгіленді

370
көрілім
Шартты фотосурет

Кесімді шешімді ХОҚ, Халықаралық паралимпиада комитеті, Токио-2020 ұйымдастыру комитеті, сондай-ақ Жапония елінің басшылығы қабылдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мәлім болғандай, бүкіл әлем көз тіккен төртжылдықтың басты бәсекесі 2021 жылы шілде айының 23-і мен тамыз айының 8-і күндері аралығында өтеді. 2016 жылмен салыстырғанда Олимпиада ойындарының өту мерзімінде бәлендей өзгеріс жоқ. Естеріңізде болса, осыдан 4 жыл бұрын Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен аламан шілде айының 24-і мен тамыздың 9-ы күндері аралығында кіл мықтылардың басын қосқан-ды. Айырмашылық бір-ақ күн.

Бұдан бөлек, паралимпиада ойындары тамыз айының 24-і мен қыркүйектің 5-і күндері аралығында өтеді деп күтілуде.