Курчатов қаласында жеке тұрғын үй салатын жаңа жер телімдері қарастырылған

289
көрілім

Курчатов қаласында жеке тұрғын үйлер құрылысын бастау үшін жаңа жер телімдері қарастырылған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Қарастырылған аудан осы жылы электр желілерімен қамтамасыз етілетін болады. Электр желілерін тартуға республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлінген.

Сондай-ақ осы жылдың екінші жартыжылдығында «Магистральді коллекторы мен су көтеру станциялары бар су алғышты реконструкциялау» нысаны пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Кәріздік тазарту станциясы бойынша жұмыстарды аяқтауға жобалау сметалық құжаттама әзірленетін болады.