Оқу жаттығу жиынына тыңғылықты дайындық

348
көрілім
Шартты фотосурет - tengrinews.kz сайтынан.

Мерзімді әскери қызметтен, не болмаса келісім шарт бойынша әскери қызметтен босатылған запастағы әскерилер, яғни офицерлер, сарбаз-сержанттар әскери қызметте алған тәжірибелері мен білімдерін жетілдіру үшін қайта дайындықтан өткізу кеңес әскері дәуірінен келе жатқан үрдіс екенін біреу білсе,біреу білмеуі мүмкін. Ол кездегі қайта даярлау жиындарына іріктеу мен қазіргі іріктеудің айырмашылығы жер мен көктей.

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы ақпан айының 16 күнгі «Әскери қызмет және әскериқызметшілердің мәртебесі» туралы Заң талаптарына сәйкес Өскемен қаласының қорғаныс істері істері жөніндегі басқармасы әскери міндетті запастағы офицерлерді, сержанттарды және сарбаздарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріне әскери міндеттілерді даярлау, қайта даярлау және әскери білімдерін жетілдіру бойынша әскери оқу-жаттығу жиындарына іріктеуді, хабарландыруды, шақыруды және жеткізуді ұйымдастыру науқанына кірісіп кетті. Аталған жиын сарбаздар мен сержанттар және қордағы офицерлер құрамы үшін де тамыз-қыркүйек айларында өткізу жоспарлануда. Бүгінгі күні зерделеу де басталып кетті.

Негізгі талап «Шығыс Қазақстан облысы, Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қойылуда, яғни олар әскери оқу-жаттығу жиындарына шақырылатын азаматтарды медициналық куәландіру шараларынан өткізуде. Басқарма қызметкерлерінің үгіт-насихат жұмыстарынан кейін әскериміндеттілердің көбі қайта даярлықтан өтуге қарсы емес екендіктерін білдіруде.

Шынар Дюсупова