Өскеменде әйел адамды көпқабатты үйдің подъезінде тонап кеткен

311
көрілім

Оқиға Михаэлиса көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Ұры үйіне келе жатқан әйелдің қолындағы сөмкесін тартып алып, қашып кеткен, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


28 мамыр күні жәбір көрген азаматшаны үйреншікті болған подъезінде белгісіз бір әйел бас салған. Артынан әдейі аңдып келген ұры сөмкені жұлып алған бетте ізін суытқан.

— «Тонау» бабымен аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, — деп хабарлады Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі. - Шағымданушыға жалпы сомасы 74 050 теңге материалдық залал келтірілген.


Тонауға қатысты ұсталған күдікті  41 жастағы қала тұрғыны. Ұрлыққа барған әйел адам Молдова елінің тумасы болып шықты.