Өскеменде қаскөй жас баланы ұрып-соғып, тонап кеткен

291
көрілім

Өскеменде қаскөй жасөспірімді соққының астына алып, телефонын тартып алған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Иван Ребров (аты-жөні толықтай өзгертілген) жас күнінен өзінің тәуелсіздігі үшін күресе білген. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ 19 жасар бозбала өзіне тұрақты жұмыс іздей бастайды. Көп ұзамай ол сауда компаниясына жүк тасымалдаушы-экспедитор болып жұмысқа орналасады. Оған арманы орындалғандай болып көрінеді және ол өмірде өзі нені қаласа соған қол жеткізе алатынына сенімі нығая түседі.

Сол күні кешке Витя Леонтьев шаштараздан үйіне қайтып келе жатқан. Сыртқа шығысымен ата-анасына қоңыру шалып үйге бара жатқанын айтып, көпқабатты тұрғын үйлердің арасындағы жолға түседі. Кенет оның алдынан бейтаныс біреу шыға келіптелефонын беруді талап етеді. Бірақ Витя қарсыласып, телефонын қалтасына салып алады.

Ашуға булыққан Ребров, жасөспірімді ұрып құлатады. Жерде жатқан баланы ұрып-тепкілеп, қалтасынан телефонын суырып алады.

Витя Леонтьев болған жағдайды ата-анасына айтып, полицияға хабар берген. Алысқа ұзай қоймаған күдікті бірнеше сағаттың ішінде қолға түседі. Ребровқа қатысты сот үкімі шығарылып, қаскөй үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.