Өскеменде пәтерінен есірткі табылған ер адам 10 жылға сотталды

408
көрілім
Шартты фотосурет

Өскеменге психотроптық заттарды жеткізуші-курьер болып жұмыс істеуге келген 37 жастағы Алматы қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық процесс аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері айыптының жалға алған пәтерінен «скорость» деп аталатын есірткі затын анықталған.
– Аталған есірткінің жалпы құны 2 млн. теңгеден асады. Операция барысында тәртіп сақшылары психотроптық заттар мен оларды орауға және өлшеуге арналған құралдарды тәркіледі. Ұсталған күдікті бірден қамауға алынды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
ШҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты психотроптық заттарды жеткізумен айналысқан ер адамды ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 10 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылған. Белгілі болғандай, сотталушы жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейтін болады.
– 2020 жылы өңірде синтетикалық есірткінің заңсыз айналымына байланысты 50 қылмыс тіркелгендігін, оның ішінде 41-і – өткізу және 9-ы есірткіні аса ірі көлемде сақтау фактісі екендігін атап өткен жөн. Жыл көлемінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 5 келіден артық синтетикалық психотроптық заттарды тәркілеген, – делінген ШҚО Полиция департаменті ұсынған мәліметте.