Праймериз ашықтықтың бастауы

345
көрілім

Бүгін «Nur Otan» партиясы ШҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков облыстық филиалдың фейсбук және инстагарм әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында тікелей эфирға шығып 17- тамызбен 3 қазан аралығында өтетін партия ішілік іріктеу туалы жан-жақты ақпарат берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тікелей эфир барысында желі қолданушылары тарапынан, Паймеризге қатысу үшін қандай құжаттар қажет?, Қайда барып тіркелуге болады?, Іріктеуге қатысу үшін партия қатарына кіру міндетті ме? Қатысушыларға дауыс беру қалай жүзеге асырылады?- деген сұрақтар көптеп қойылды. Облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары О.Чугунков тікелей эфирге келіп түскен сұрақтарға толықтай жауап беріп праймериздің негізгі мақсатына тоқталды.

Жалпы паймериз туралы толық ақпарат «Nur Otan» партиясының ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшадларында жарияланып отыратындығын жеткізді.