ШҚМУ студенті бүкілресейлік онлайн білім беру олимпиадасында 1-орын алды

430
көрілім
Шартты фотосурет

Өскемендегі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ химия кафедрасының студенті физика пәнінен «Электромагниттік өріс» бүкілресейлік білім беру онлайн олимпиадасында 1-орын алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өзгелерден оқ бойы озық шыққан химия кафедрасының студенті Нариман Қайырбеков бірнеше ай жетекшісімен бірлесе жүргізген дайындығы негізінде көршілес мемлекетте өткен онлайн сайыста үздік нәтиже көрсетті.

1-ші дәрежелі диплом алған студенттің ғылыми жетекшісі – физика кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Күлбаршын Тілеуқанқызы Иманжанова екендігін атап өтейік.