ШҚО-да өрт салдарынан бес бас мал жанып кетті

320
көрілім

Глубокое ауданы Бобровка ауылындағы жеке үй аумағының қосалқы шаруашылығында өрт шықты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Әкімдіктің хабарлауынша, өрт қараша айының соңында орын алған.

- Ішінде 5 бас мал тұрған қора өртенді, - делінген хабарламада. - Өрттің жалпы аумағы 40 шаршы метрді жерді құрады.

Келтірілген шығын мөлшері анықталуда.