ШҚО-да полиция қызметкерлері қар құрсауында қалған отбасын құтқарды

303
көрілім

19 ақпан күні Абай аудандық полиция қызметкерлері қар құрсауында қалған отбасын құтқарды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Үстіміздегі жылғы 19 ақпанда таңертеңгі сағат 8.00-де Абай аудандық полиция бөлішесіне әйел адам телефон шалып 28 жастағы күйеубаласы, 26 жастағы қызы және 6 жастағы немересімен хабарласа алмай отырғанын жеткізді. Күндіз сағат 15.00 шамасында олар Қарауыл ауылынан Орда ауылына жолға шығып, кешкі сағат 18.00-де қар құрсауында қалғанын айтып хабарласқан. Солан соң ұялы телефон байланысы үзілген.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын ұйымдастырды. Соның нәтижесінде хабарсыз кеткен отбасы түнгі сағат 23.00-де байланысқа шыққан. Тәртіп сақшылары бір үйелмен жанды Қарауыл ауылына жеткізген.

- Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты олар жол жабылып жүре алмай қалған. Зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды Абай аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Арафат Есенғарин.

Естеріңізге сала кетейік, ШҚО-да ауа райының күрт өзгеруіне байланысты бірқатар тасжолдар жабылды. Сондықтан полиция қызметкерлері азаматтарға мүмкіндігінше ұзақ жолға шықпауға кеңес береді.

Тәулік бойы көлік жолдарының жағдайы мен қойылған шектеу туралы төмендегі нөмірлерге хабарласып, білуге болады:

  • Жергілікті полиция қызметінің байланыс орталығы: -777-081, 776-00,

  • «Қазавтодор» ЖШС ШҚОФ диспетчері: - 8 /7232/ 262808, 240898, сот. 8-777-535-89-08,

  • «Облшығысжол» КМК диспетчері: - 8 /7232/ 574252, 8-771-086-55-43.