ШҚО-да сотталғандар жұмысқа орналасуда

485
көрілім

ШҚО -да Пробация бөлімінің қызметкерлері сотталған азаматтарды соның ішінде қоғамнан оқшаулау түзету мекемелерінен, қалған жаза мерзімін қоғамнан оқшаулау жаза түрімен байланысты емес яғни бас бостандығынан айыру жазасы неғұрлым жеңілдетілген жаза түріне, яғни бас бостандығынан шектеу жазасына босатылып шыққан соң Пробация бөліміне қалған мерзімі біткенге дейін есепке қойылады.

Және сотталғандарды қайта қоғамға бейімдеу мақсатымен сотталғандарға әлеуметтік -құқықтық көмек соның ішінде медициналық, құқықтық және психологиялық консультация алуға «Антарес-А» Қоғамдық Қорына жолдама мен жіберіледі. Атап айтсақ ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық Пробация бөлімінің қызметкерлері сотталғандарды «Халықты жұмыспен қамту орталығына» жолдамамен ресми түрде жұмысқа орналастырып сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселесі қарқынды журіп жатыр. Мысалы атап айтсақ бүгінгі таңда Өскемен қаласында жол жөндеу, құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Соған байланысты ЖШС «ҚАРАБҰЛАҚ» деп аталатын жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне есепте тұрған сотталғандар арасында жол жөндеу жұмыстарына орналасқандары да бар. Өткен жылмен салыстырғанда сотталғандар арасында жұмыссыздық мәселесі 15%-ға азайған. деп хабарлайды Солжағалау аудандық Пробация бөлімінің инспекторы әділет майоры С.К. Калтымаков