ШҚО-да тағы боран соғуы мүмкін

276
көрілім

Сенбі күні Өскемен қаласында қалың қар жауып, бұрқасын жел соғуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

«Казгидромет» РМК 21 ақпан күні сағат 21.00-ден 22 ақпан күні сағат 21.00-ге дейін шығысқазақстандықтар үшін дауылды ескерту жарияланды.

- ШҚО-да күндіз қалың қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ, боран болуы мүмкін, - делінген «Казгидромет» хабарламасында. - Желдің жылдамдығы Жарма ауданында секундына 25 метрге дейін, Өскемен қаласында 15 метрге дейін жетеді деп болжануда.