ШҚО-да жаяу жүргіншілер жолымен жүрген велосипедшілерге айыппұл салынуы мүмкін

803
көрілім
Фотосурет Baq.kz сайтынан

Бұл ретте полиция қызметкерлері велосипедшілерге серуендеуге арналмаған жерде жүру жиілегендіктен тұрғындарға мұның жауапкершілігі туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Айталық, 25 мамыр күні кешкі сағат 20:00 шамасында Славский жағалауы аумағында полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде профилактикалық шара жүргізді. Олардың айтуларынша, велосипедпен қыдырып жүргендер арнайы жолақ бар болса да, тұрғындарға кедергі келтірген.

– Осылайша олар жағалауда демалып, бой жазып жүргендерге қолайсыздық туғызды, – деді ШҚО Полиция департаментіндегілер. – Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің 24.2 тармағына сәйкес велосипедшілер тек өздеріне тиесілі жолақпен ғана жүрулері тиіс. Осыған байланысты полиция қызметкерлері велосипед тепкендерге ҚР Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауды ескертті. Егер тәртіп бұзса, ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабына (Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Асинат МУРТАЗАЛИЕВА