Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында танымдық-театралдық қойылым өтеді

755
көрілім

Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылында хакім Абайдың 175 жылдығы аясында «Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» атты танымдық-театралдық қойылым өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ақсуат Мәдениет үйінің жанынан құрылған «Тамшы» балалар театры қазір тыңғылықты дайындық үстінде.

Театр режиссеры Бейбіт Құсанбаевтың жетекшілігімен жүргізіліп жатқан әзірліктер ақпан айының соңына дейін жалғаспақ. Айтуларынша, ұлы ақынның мерейтойы аясында ақсуаттықтар мен өзге де көрермен назарына тың дүниелер ұсынылып, Абай Құнанбайұлының шығармашылығы сахналанады.

Қызығы сол, танымдық шараның деңгейін арттырып, жас таланттардың өнерін тамашалауға бірқатар қазақ театрының тарландары келеді деп күтілуде.

Айталық Астана жастар театрының қоюшы режиссеры Бекболат Құрманғожаев, танымал актер Ғани Құлжанов пен кино және театр актеры Дулыға Ақмолда Ақсуатқа ат басын бұрмақ.
Аталмыш шара ақпанның 28-і күні өтеді.
Әділхан ЕСІМХАНОВ