Абай ауданында сіріңкемен ойнаған 3 жасар бала апайының арқасын күйдірді

320
көрілім

Абай ауданында 2011 жылғы қыздың арқасы күйіп қалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 4 наурыз күні Құндызды ауылында орын алды. Үйде қараусыз қалған 3 жасар бала сіріңкемен ойнап отырып, апайының арқасын күйдірген. 2011 жылғы қыз Абай ауданының өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалып, көмек сұрапты.  
- Ауылға ең жақын өрт сөндіру бекеті 70 шақырымдай жерде. Әр минуттың маңыздылығын ескерген өрт сөндірушілер ауыл әкімдігіне қоңырау шалып, аталған мекен-жайға баруды сұрады. Олар лезде полиция қызметкерлерімен бірге сол үйге жеткен. 9 жасар Тоғжан қызыл жалын шарпыған күртесін шелектегі сумен сөндіріпті. Арқасын күйік шалған қыз Семей қаласындағы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабымен тергеу амалдары жүргізілуде.