Аблакеткада жаңа мәдени-демалыс орталығы ашылады

272
көрілім

Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Мәдени-сауық орталығы «Асқар-Тау» мейрамханасының ғимаратында орналасады. Ғимарат иесі оны әкімдікке жыл соңына дейін пайдалануға берген. Кейін сатып алу мен жалдау келісімшарты жасалатын болады, – деді шаhар басшысы.
Аталған орталықта балаларға арналған түрлі үйірмелер, сондай-ақ фитнеспен айналысуға арналған зал, зейнет жасындағы қариялар бос уақытын өткізу үшін үй-жай жұмыс істейді деп болжануда. Бұрынғы мейрамхананың үлкен залы бұқаралық мәдени іс-шараларға пайдаланылады.