АӘК алатын адам өз жағдайын жақсартуға тырысуы керек

161
көрілім

Мемлекет қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға үлкен қолдау көрсетеді. Оған атаулы әлеуметтік көмек те, жұмыс табуға жәрдемдесу де кіреді. Жұмыссыз жүрген адам тіпті өз кәсібін бастау үшін грант немесе несие де ала алады, тегін біліктілігін арттырады. Бұдан қолдау өте көп екенін көреміз.

Атаулы әлеуметтік көмекке келетін болсақ, оны алатын адам өмір бойы мемлекеттің мойнына асылып алмай,  қалайда өз жағдайын жақсартуға талпынатындай етіп қайта қарау керек. Менің ойымша, егер адам жұмысқа қабілетті болса, бірақ қандай да бір себептермен кедей өмір сүрсе, онда мемлекет оны қолдауы керек, бірақ жалғыз көмекке қарап қалмай адамның өзі тағдырын қолына алып, жағдайтын түзетуге тырысуы қажет.

Менің пікірімше, АӘК алушы әрбір адам жәрдемақы тағайындамас бұрын, қандайда кәсіпті игеріп, курстардан өтемін немесе өз ісін бастау туралы ойланамын, жалпы, кедейшілік шегінен шығу үшін шаралар қолданамын деге ниетпен әлеметтік келісімге отыруы тиіс. Мемлекет өз кезегінде барлық қажетті көмекті көрсетеді.

Қоғам мен мемлекет адамға қарай ірі қадамдар жасауда, енді адам да жауап ретінде талпыныс танытуы тиіс. Менің ойымша, бізге осындай әлеуметтік келісім-шарт ауадай қажет, сонда адамдарда масылдық сезім де жойылады, нәтижесінде жұмыс күші артады, бұл, әсіресе ауылдық жерлерге жақсы болушы еді.