Ақ қар көрпесін жайды

251
көрілім

Қыркүйек айымен ілесіп Шығыс Қазақстан облысында қар жауды. Өңірімізде ақ ұлпаға оранған алғашқы елді мекен Семей өңіріндегі – Қайнар ауылы.

Күз айы басталысымен әлеуметтік желілерде Семей қаласынан 300 шақырым қашықтықтағы Қайнар ауылын қар басқан суреттер мен видеолар тарап кетті. Бұған дейін «Қазгидромет» қызметі өңірде қатты жаңбыр жауып, арты қарға ұласатынын, сондай-ақ ауа температурасы үш градусқа дейін төмендейтінін хабарлаған еді. Алайда мұндай болжам қыркүйектің 2-сінен 3-іне қараған түніне жасалған еді.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ