Ақиық аспанға ұшпайды

342
көрілім

Бұқтырма кентінде ит асыраумен айналысатын Светлана Ивановаға жолдан қанаты сынған ақиық құсын тауып алған тұрғындар жүгінген. Ол сирек кездесетін құстарды асырауға тыйым салынғанына қарамастан жаралы құсты ветеринарларға апарады.

Тексеру барысында оның қанаты екі жерден сынып, алдағы уақытта мүлдем ұша алмайтыны анықталған.

- Бұл құс ақиықтың балапаны болып шықты, - дейді белгілі орнитолог-ғалым Борис Щербаков. - Қазіргі уақытта қауырсыншы бұбар болғанымен, 5-7 жылдан соң қарайып кетеді. Ақиық өте күшті құс. Балапанды біреу атып жаралаған.

Біраз уақыт ақиықтың балапанын үйінде ұстаған Светлана Иванова қазіргі уақытта құсқа қамқорлық жасауды мойнына алған Алматы зообағына алып кеткен екен.

- Кейбір адамдар сирек кездесетініне қарамастан құстарды шетінен ата береді, - деп қосты Борис Васильевич. - Бірақ ондайларды қамқорына алатын Светлана сияқты адамдардың болғаны көңілді жұбатады.

Айсұлтан АЗАМАТ