Ақылы болмақ

390
көрілім

Жақын болашақта республикалық маңыздағы жолдармен жүру ақылы болмақ. Мұндай талап жаңадан салынған, жөнделген немесе қайта жаңартылған жолдарға қойылады.

Атап айтсақ "Омбы-Майқапшағай" тас жолы ақылы болады. Оның жақында ғана қайта жөндеуден өткен "Павлодар-Семей-Қалбатау" бөлігі Шығыс Қазақстан аумағынан өтеді.

Ақы тек жүк көліктерінен ғана алынады.

-Аталмыш жол бөлігінен өтуге ақыны Павлодар, Семей қалалары мен Қалбатау ауылының маңындағы арнайы пункттерде төлеуге болады, - дейді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Шығыс Қазақстан филиалы директорының орынбасары Мүслім Малғаждаров. - Сондай-ақ, мұндай төлемдерді qiwi, касса 24, банк карталары, төлем шоттары мен Payway.kz ғаламтор сайты арқылы жасауға болады.

Ерлен ОСМАНОВ