Ақылы негізде сабақ беруге бола ма?

97
көрілім

- Мектептер ақылы түрде негізгі пәндерді сабақтан тыс уақытта оқыта ала ма? Мысалы мен математика пәнінен сабақ беремін. Кей оқушылардың мәліметті қабылдау жылдамдығы баяу болғандықтан ата-аналары ақылы түрде қосымша сабақ жүргізуімді сұрайды. Осы мәселені заң шеңберінде қалай шешуге болады?

Тұрақты оқырман

Сіздің сұрағыңызға жауап Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинованың жеке блогында былай деп берілген:

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-1-бабының 1,2-тармақтарына сәйкес табыс алумен байланысты жеке педагогтік қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылады. Жеке педагогтік қызметпен айналысатын тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және жеке педагогтік қызмет лицензияланбайды".