Ақжар ауылдық округінде 2 пәтерлі 20 үйдің құрылысы жүргізілуде

737
көрілім

Бұл туралы Үржар ауданының әкімі Нұржан Тоқсеитов мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан басшысының сөзінше, құрылыс жұмыстарымен қатар өзге де мәселелер талқыға салынып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берілді.

– Облыс әкімі Д.К.Ахметовтың тапсырмасы бойынша Ақжар ауылдық округіндегі 2 пәтерлі 20 үйдің құрылысы жалғасын табуда. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атқарылып жатқан жұмыстармен арнайы тағы бір мәрте танысып, орынбасарым және мердігер компания өкілдерімен бірқатар мәселелерді талқыладым, – деді ол.