Алакөлде бірнеше туристік нысан пайда болмақ

313
көрілім

Инвестиция тарту мәселесіне байланысты көлдің жағалауында 60 гектар жер бөлінді. Оған «3-4 Жұлдызды үздік қонақүй құрылыс жобасы» бойынша жаңа демалыс орындары салынады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Инвесторларға мемлекеттік қолдау көрсетілмек. 28 млрд.теңгеге жеті ірі инфрақұрылымдық жобаның жұмыс жоспары жасалады. Оның ішінде сумен қамту, жағалауды бекіту, әуежай алаңы құрылысы бар.

Медициналық туризмді дамытуға қатысты Барлық-Арасан ауылынан Алакөл жағалауына дейін шипалы су жеткізілетін арнайы құбырлар орнатылады.

Бұған қоса, Катонқарағай ауданында емдеу-сауықтыру туризмі мен Алтай ауданында тау шаңғысы туризміне көңіл бөлмек.