Алаяқтар Өскемендегі қайырымдылық жәшігінен ақша жымқырған

602
көрілім
Шартты фотосурет

Күні кеше Өскемен қалалық полиция басқармасы «102» жедел арнасына 57 жастағы қала тұрғыны хабарласып, алаяқтық фактісі туралы хабарлаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес бөгде біреулер сауда-ойын сауық орталығының күзетшісіне өздерін қайырымдылық қоғамының қызметкерлері ретінде таныстырып, жинақтаушы жәшіктен барлық ақшаны алып кеткен.

– Шығын 20 000 теңгені құрады. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 22 және 23 жастағы екі жігітті анықтап, күдіктілерді қолға түсірген. Біреуінің осыған дейін істі болғаны белгілі болды. Тергеу амалдары кезінде күдіктілер өз кінәсін толықтай мойындады, – делінген мәліметте.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.