Алдағы күндері Қазақстанда аяз күтіледі

414
көрілім

Ауа температурасы түнде минус 25 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК қараша айының 14-16 күнгі ауа райымен бөлісті.
- Қазақстанда Орал мен Батыс Сібірден арктикалық фронттың оңтүстік-шығысқа қарай жылжу салдарынан қар, боран, желдің күшеюі күтіледі,- делінген хабарламада.
- Фронттың артына арктикалық теңіз акваториясында қалыптасқан антициклон жылжу себебінен батыс, орталық, шығыс аймақтарында күн суытуға әкеп соғады. Түнгі ауа температурасы минус 13-18, кейбір жерлерде 20-25 градусқа дейін төмендейді.