Алдағы үш тәуліктің ауа райы белгілі болды

361
көрілім

Синоптиктер 6-8 тамызға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Синоптиктердің болжауынша, атмосфералық ағын бөліктердің өтуіне байланысты алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі, найзағайлы жаңбыр, күшті жел, дауыл соғуы ықтимал, бұршақ жаууы да мүмкін.
«Еліміздің оңтүстік және оңтүстік шығысында күн райы ашық және 35…42°С дейін қатты ыстық болады. 6 тамызда Иран аймағынан келетін жылы ауа массалары салдарынан батыс және солтүстік батыс өңірлерден басқа жерлерде, еліміздің басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі, сонан соң Мурманск аймағынан салқын ауа массаларының ағынымен еліміздің солтүстік батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасының күндіз 20-25 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі, кей жерлерде 30 градус жылы болады», делінген болжамда.