Алдын ала ескертілмек

389
көрілім

Қазақстанда әуе көліктеріне қолданылатын хабарлау жүйесі теміржол саласында да қолданылмақ. Атап айтсақ, үш сағаттан астам уақыт кешіккен пойыз жайлы жолаушыларды хабардар ететін жүйе 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылмақ. Бұл жөнінде ҚР Сыртқы істер министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асанбаев айтты, деп хабарлайды газет тілшісі Bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

- ҚТЖ сайтында "Күту парағы" деген парақ қосылады. Егер пойызда бос орын болмаса, жолаушы өзінің жеке деректерін қалдырады, осылайша бос орындар пайда болған кезде оның электронды мекенжайына немесе жеке кабинетіне хабарлама жіберілетін болады, - деді Әсет Асанбаев.

Бұдан бөлек, құзырлы мекеме басшысының айтуынша, барлық әлеуметтік маңызы бар облысаралық пойыздарда біртіндеп мультимедиялық көңіл көтеру WI-FI сервері кезең-кезеңімен іске қосылмақ көрінеді.

Ерлен ОСМАНОВ