Алдын алу шаралары басталды

638
көрілім

18-31 желтоқсан аралығында өтіп жатқан әскери және құқықтық тәртіпті нығайту, әскери қызметтен жалтару, қызметке шықпау және бөлімді өз еркімен тастап кетудің алдын алу туралы онкүндігі өтеді.
Аталған онкүндікте Өскемен гарнизоны Әскери полиция бөлімінің қызметкерлерімен қызмет көрсетілетін гарнизонның әскери бөлімдері мен мекемелерінде қылмыспен күрес жүйесі мен құқық бұзушылықтардың алдын алу профилактикасы және оларды ескертуді жетілдіру мәселелері бойынша іс-шаралары ұйымдастырылуда.
Іс-шара мақсаты әскери қызметтен жалтару, қызметке шықпау және бөлімді өз еркімен тастап кетуге байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әскери қызметшілердің, сонымен қатар, қылмыс жасаған әскери қызметшілердің қандай жауапкершілікте болатындығын тұрақты түрде Өскемен гарнизоны әскери қызметшілеріне жеткізумен түсіндіру жұмыстарын жүргізу. 
Өскемен гарнизоны әскери полиция бөлімінің анықтау және іздестіру бөлімшесінің уәкілдерімен әрдайым әскери бөлімдердің барлық санаттағы әскери қызметшілермен әскери қызметтен жалтарудың, қызметке шықпаудың және бөлімді өз еркімен тастап кетудің жауапкершілігі туралы қолданыстағы заңнамалардың талаптары түсіндіріледі.
"Армияда қылмысқа орын жоқ" бағдарламасын іске асыру үшін гарнизонда әскери ортадағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кең ауқымды жұмыс ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында әскери тәртіпті бұзудың алдын алу және оны болдырмау, әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. 
 
Өскемен гарнизоны Әскери полиция бөлімі анықтау және іздестіру бөлімшесінің аға офицері – уәкілі әділет аға лейтенанты Д.Ибраев