Алимент өндіруге бола ма?

356
көрілім

Жолдасыммен ажырасып кеткенімізге біраз жыл болды. Оның қазір тұрақты жұмыс орны жоқ. Ортақ балаларымызды асырауға мүлде көмектеспейді. Мен одан алимент өндіруді ойлаған едім, алайда ол өзінің тұрақты жұмыс істемейтінін алға тартып, сотқа бергеннен ештеңе өндіре алмайтынымды айтады. Жұмыссыз адамнан алимент өндіруге бола ма? Болса, қандай көлемде өндіріледі?

Өскемен қаласынан тұрақты оқырман

Сіздің сұрағыңызға заңгер Николай Галяпин жауап берді:

– Бұрынғы күйеуіңіз қателеседі, өйткені жұмыссыз адамнан алимент өндіруге болады. Бұл «Неке және отбасы туралы» ҚР кодексінің нормаларында анық көрсетілген. Аталмыш мәселені шешу үшін сотқа арызданғаныңыз жөн.

Алименттік төлемнің көлемін сот анықтайды. Мұндай жағдайларда алимент бекітілген ақша көлемінде алынады. Егер бұрынғы күйеуіңізде тұрақты жұмысы болмаса, кодекстің 141- бабына сәйкес алимент көлемі белгіленген АЕК (МРП) мөлшеріне тең болады. Алимент тағайындау кезінде сот тараптардың мүліктік жағдайын есепке алады. Егер бұрынғы күйеуіңіз жұмыссыз болса, алимент көлемі еліміздегі орташа айлық еңбекақының көлемімен есептеледі (кодекстің 169-бабына сәйкес).