Алтай ауданында 58 жастағы ер адам шатырдан сырғыған қардың астында қалып, көз жұмды

419
көрілім

Алтай ауданында 58 жастағы ер адамды қар басып қалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

-Қыс мезгілінде республиканың басым аумағында жауған қалың қар көктемде қауіп туғызады. Мысалы күн жылына бастаған кезде үй шатырындағы қалың қар сырғып, төмен түседі. Бұл өте қауіпті,- дейді ТЖК мамандары.

17 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Чапаев ауылында 1962 жылы туған үй иесіне бір қабатты тұрғын үйдің шатырынан қар түсіп, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Осыған байланысты ІІМ төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға шатырдағы, сондай-ақ ауладағы қарды уақытылы тазалауды ұсынады.