Алтай ауданында емханаға келушілер сабын ұрлауда

330
көрілім
Шартты фотосурет

Қазір аймақ көлемінде болып жатқан сақтық шараларына байланысты бірқатар мекемелерде тұрғындар үшін дезинфекциялық құралдар қолжетімді болса, Алтай ауданының Алтай қаласының емханасында қарапайым жуу құралдары жоқ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталмыш қала емханасына келгендер әжетханадан шыққан кейін қолды жуу бас қатырар мәселеге айналған. Бұл ретте таралу қаупі жоғары коронавирустен сақтану мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі қолды жиі жууға кеңес берген болатын.

Қалалықтардың айтуынша, дәретхана қағазының қойғышы мен сұйық сабын құюға арналған флакондар да үнемі босап, кеуіп тұрады. Ақ халаттылардың айтуынша, болып жатқан жайтқа ардан безгенн тұрғындар кінәлі.

– Қалалықтар барлығын ақыл таразысына салып, бұдан былай дәретхана қағаздары мен сабын ұрламаса дейміз, – дейді аймақаралық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Любовь Голикова. – Тіпті сабын тұқылдарына дейін қойсақ та түк қоймай алып кетеді.