Алтай ауданында сегіз күн жоғалған мал табылды

572
көрілім

Қараша айының 8-і күні Серебрянск қаласы полиция бөлімінің «102» жедел арнасына Алтай ауданы Феклистовка ауылының тұрғынынан хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Төрт сиырын бірнеше күннен бері таппай жүрген әйел полицейлерден көмек сұрап, ірі қараның қазан айының 31 күні жоғалғанын жеткізген.

Малдың егесі сегіз күн бойы іздесе де еш нәтиже шығармаған, десе де шығын сомасын 1,2 млн теңгеге бағалады.

- Сол күні дереу криминалдық полиция және жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінен тұратын арнайы іздеу тобы құрылды. Полицейлер 25 шақырым жерді жүріп өткен соң қарға батып, әрі қарай салт атпен іздеген.

Нәтижесінде криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі полиция майоры Ернұр Макиленов пен учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Талғат Ақтанов арада үш сағат өткен соң Алтай ауданына қарасты Киров ауылы маңынан тауып берген.

Өз кезегінде мал иесі тәртіп сақшыларына жоғалған ірі қараны іздеуде жедел әрекет етіп, көмектескендері үшін алғысын білдірді.

Полиция департаменті мал ұрлығына мен жайылымнан жоғалтуға ықпал ететін негізгі себеп - меншік иелері бақылауының болмауынан дейді.