Алтай ауданының мектептері жөнделуде

397
көрілім
Шартты фотосурет

«Жұмыспен қамту Жол картасы 2020» бағдарламасына сәйкес Алтай ауданының бірқатар білім беру ұйымдарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімі Қалихан Байғонысов мәлімдеді.
– Алтай ауданының білім беру ұйымдарында 17 жоба жүзеге асырылуда. Осы ретте Алтай қаласының №9 мектебіне​ барып жөндеу жұмыстары барысын тексердім. Спорт залының шатырын «Новатор-5» ЖШС жергілікті мердігер ұйымы жүргізуде. Бүгінгі күні итарқалық жүйе, шатыр торламасы жасалып қойды. Металл профильден шатыр құрылысы жасалуда, – деді ол.
Жұмыстың уақтылы әрі сапалы жүзеге асырылуы үшін әкімнің жетекшілік ететін орынбасарына тиісті нұсқаулар беріп, жағдайды бақылауда ұстауға тапсырды.