Алтай қаласында екі апта жоғалған әйел көшелердің бірінен табылды

804
көрілім

Желтоқсан айының 14-і күні Алтай ауданының полиция бөліміне әйелінің жоғалып кеткені туралы арызбен жергілікті тұрғын жүгінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Полицейлер жоғалған азаматшаның есте сақтау қабілетінен айырылғанын анықтаған. Дереу іздеу жұмыстарын бастаған криминалдық полиция қызметкерлері жоғалған әйелдің таныстарынан жауап алуға кіріскен. Алайда оның құрбылары да, туыстары да әйелдің қайда кеткені туралы ештеңе білмепті.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жедел уәкілдер есте сақтау қабілетінің нашар екенін ескере отырып, қараусыз қалған ғимараттарды, жертөлелер мен бос үйлердің бірін қалдырмай тексерген.

- Желтоқсан айының 28-і күні жоғалған әйел Алтай қаласындағы көшелердің бірінде орналасқан жылу трассасының маңынан табылды. 43 жастағы әйелдің айтуынша, ол өзінің тұрғылықты мекенжайын, сондай-ақ туыстары мен таныстарының мекенжайларын есіне түсіре алмай қиналған, кейін амалсыз көшедегі жылу трассасын пана етуге мәжбүр болған.

Табылған әйелді полиция дереу дәрігерлердің қолына тапсырды.