Алтай қаласында мас күйінде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

390
көрілім
Шартты фотосурет

Желтоқсан айының соңында Алтай қаласы көшелерінің бірін патрульдеу барысында, 37 жастағы жергілікті тұрғын басқаруындағы «Nissan» автокөлігін тоқтатылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жүргізушінің құжаттарын тексеру нәтижесінде, оның 2019 жылдың қазан айынан бастап алты жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
- Куәландыруға жеткізілген жүргізуші орташа деңгейде мас күйде болған. Автокөлік арнайы тұраққа, ал ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігіне (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызмпті ұсынған мәліметте.