«Алтай» волейбол клубы сербиялық ойыншымен толықты

542
көрілім
Фотосурет спортшының жеке парақшасынан

Өскемендік ұжымға жаңадан ойын үйлестірушісі келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сербиялық спортшы Анджела Веселенович 23 жаста. Қолда бар мәліметке сәйкес 10-шы нөмірлі жейдемен өнер көрсетпек. «Алтай» әйелдер волейбол клубының ойын үйлестірушісі 13 жасынан бастап Белградта тұрады. Қазіргі уақытта сондағы UNION спорттық факультетінде білім алуда.

Жеті жылға жуық жергілікті «Визура Белград» командасында ойнаса, ары қарай Грекияның «Aon Pannaxiakos» (2020-2021), «Nova KBM» (Словения, 2021), «Zok Ub» (Сербия, 2021-2022) ұжымдарының намысын қорғады. Еуропалық командалар сапында жүріп жастар арасындағы додаларда топ жарған. Бейресми мәліметке сүйенсек, тәжірибелі ойыншымен келісімшарт бір жылға жасалыпты.
Біздің анықтама:
Туған жылы:
05.02.1999
Туған жері: Ягодина қаласы
Бойы: 180 сантиметр
Спорттық атағы: Спорт шебері