«Алтай» волейбол клубы тосқауылшымен толықты

925
көрілім
Фотосурет ашық дерекккөзден

Өскемендік «Алтай» әйелдер волейбол клубы орталық тосқауылшы Ирина Мальковамен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алғашқы турдың басталуына әлі уақыт бар. Ресейдің бірнеше клубында ойнаған волейболшы 2022/2023 жылғы маусымда өскемендік команда сапында ойнайтын болды. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Жасы: 32-де

Бойы: 192 сантиметр

Мұның алдында бұл міндетті Кристина Аниконова да мінсіз атқарып келді. Демек, қарсылас шабуылына тойтарыс беру Юрий Панченко шәкірттері жиі қайталайтын әдістердің бірі болғалы тұр.

Жалпы, Малькова осыған дейін Ресей аумағынан асып шықпаған. Яғни, бірыңғай туған жерінің клубтары сапында ала доп бәсекелеріне қатысып жүрді. Тек 2020-2021 жылдар аралығында ғана румыниялық «Альба Блаж» сапында өнер көрсетті. Сол ұжыммен Румыния Кубогін иеленді. Ал оған дейін клубтық Әлем чемпионатының қоласы мен 2015 жылы өткен Универсиада алтынын еншілеген. Жалпы, волейболдағы кәсіби мәнсабы 2006 жылдан басталады.

Әділхан ЕСІМХАНОВ