«Алтай» волейболшылары ҚР Кубогінде жеңіске жетті

582
көрілім

Өскеменде әйелдер арасында волейболдан өткен Қазақстан Республикасы Кубогінің ойындары аяқталып, шығысқазақстандық «Алтай» командасы жеңіске жетті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Павлодарлық «Ертіс-Казхром» командасымен ақтық сында кездескен «Алтай» ойыны тартысты өтіп, 5 сетке дейін созылды. Соңында 2:3 есебімен жеңіске жеткен «Алтай» ойыншылары ҚР Кубогінің иегерлері атанды.

– Сіздерді Қазақстан Республикасы Кубогі ойындарының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын. Болашақта «Алтай» командасын әлем чемпионатында, Токиода өтетін Олимпиада ойындарында көргіміз келеді. Біз ол үшін қолдан келгенді аянбай, қолдау көрсетеміз. Біз сіздерді мақтан тұтамыз, – деді жеңімпаздарды құттықтаған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Сондай-ақ, Сана Анарқұлова «Алтай» құрамасындағы «Үздік ойыншы» номинациясына лайықталды.

Екінші орын павлодарлық команда қанжығасына ілінсе, үшінші орынды «Жетісу» командасы иеленді. Ал облыс намысын қорғаған екінші «Алтай2» командасы төртінші орыннан көрінді.