Алтайдан Арқаға жаяу жол тартқан Ғалымжан Тоқтар ЭКСПО-2017 көрмесіне табан тіреді

1629
көрілім

Өскеменнен Астанаға жаяу жол тартқан Ғалымжан Тоқтарұлы бүгін сағат 10:00-де ЭКСПО-2017 көрмесіне табан тіреді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Желаяқты, Астанадан жанкүйерлері мен журналистер қауымы күтіп алды. Әлем көз тіккен Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесін қолдау мақсатында 1 000 шақырымнан астам жолды артқа тастаған өскемендік мәреге 16 күнде жетті.

 

– Межелеген уақытта Астанаға жеткеніме қуаныштымын. Бәрі ойдағыдай жүзеге асты. Алғашқы күндері аяғым ауырып, қиындықтар болды. Біртіндеп үйреніп кеттім. Кейде далада, кейде құдайы қонақ болып жолдағы ауылдарға қонып отырдық. Күніне 60-80 шақырым жол жүріп отыруға тура келді. Бұл еңбегімді елімізді әлемге танытатын үлкен шараға қосқан азда болса үлесім деп білемін, – дейді Ғалымжан Тоқтарұлы.

Естеріңізге сала кетсек, Ол «ЭКСПО-2017» көрмесінің құрметіне орай Астанаға дейін жаяу жүгіріп бару үшін 26 мамыр күні жолға шыққан. Ғалымжан Тоқтар Өскемен қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығында инспектор болып жұмыс істейді.