Алтайлықтар топ жарды

344
көрілім

Өскемендегі «Жекпе-жек» сарайында волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан кубогы додасы мәреге жетті. Сайыс қорытындысы бойынша «Алтай» клубы қарсыластарын шаң қаптырып, жеңімпаз атанды.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, финалдық кездесуде өскемендік «Алтай» мен Алматы облысының намысын қорғаған «Жетісу» клубы кім мықтыны анықтады. Аса тартысты өткен кездесу нәтижесінде 3:1 (25-19; 25-17; 23-25; 25-22) есебімен «Алтай» клубы жеңіске жетті. Кубоктық доданың қола жүлдесі «Ертіс-Қазхром» командасына бұйырды.

– Финалдық кездесу аса тартысты өтті. Қарсыластарымыз осал емес. Бірақ тәжірибе мен бір-бірімізге деген сенімнің арқасында біз жеңіске жеттік. Маусымды жеңіспен аяқтағанымызға қуаныштымын, – дейді «Алтай» волейбол клубының капитаны Сана Анарқұлова.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ