Алтын сатып аламыз

20
көрілім

30 қарашадан бастап еліміздің валюта айырбастау пункттері алтын құймаларын сатуға рұқсат алады, деп хабарлайды газет тілшісі BNews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ұлттық Банк шағын алтын құймаларды банктік емес айырбастау пунктері арқылы сату жөнінде қаулы қабылдаған еді. Аталған қаулы Ұлттық Банк шығарған шағын алтын құймаларды банктік емес айырбастау пункттерінің халыққа сату рәсімдерін көздейді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", деп хабарланған Ұлттық Банктің ресми сайтында.

Бұған дейін уәкілетті ұйымдар қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыратын заңды тұлға ретінде айқындалған болса, енді түзетулер енгізілгеннен кейін оларға тағы да бір операция түрі – Ұлттық Банк шығарған шағын алтын құймаларды сату және сатып алуды жүзеге асыру құқығы беріледі.

Бұл Ұлттық Банктің алтын құймаларын шалғай өңірлерде де сатып алуға мүмкіндік береді.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ