Алып сазан ауға түсті

362
көрілім

Су астында балық аулауды сүйетін өңір тұрғыны Катонқарағай ауданындағы тоғандардың бірінен салмағы 25 келі тартатын сазан балығын ұстап алып, қайтадан қоя берген, деп хабарлайды газет тілшісі YK-News.kz сайтына сүйене отырып.

Өз есімін жарияламауды жөн көрген Зырян ауданының тұрғыны бірнеше күн бұрын Катонқарағай ауданына барып балық аулаған екен. Су астындағы «аңшылық сәтті» болып, оның қолына алып сазан түскен. Дегенмен балықшы үйіне олжасыз оралды. Өйткені ол бұрын-соңды кездеспеген алып балықпен фотосуретке түскен соң олжасын өзенге қайта қоя берген.

Ол адамдардың қолына түскен сазан балығының ешқандай жарақат алмағанын айтып сендірді.

Ерлен ОСМАНОВ