«AMANAT» партиясының өкілдері өңір тұрғындары көтерген мәселелерді талқылады

88
көрілім

«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Жиынға ШҚО Жер қатынастары басқармасының басшысы Михейлис Н.Ф; ШҚО Жер ресурстарын басқару комитетінің басшысы Чукаев С.Ж; ШҚО құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ахмамбетов; ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысының орынбасары Тұраров Н.Е; "AMANAT" партиясының ШҚОФ жанындағы партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Лұқпанов Т.М. және аталған комиссияның мүшелері қатысты.
Жиын барысында Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының пайдаланылмаған және ҚР заңнамасын бұза отырып заңсыз сатып алынған жерлерді мемлекет меншігіне қайтарудың жай-күйі туралы баяндамалар тыңдалды.
- Жыл басынан соңына дейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша пайдаланылмай жатқан 100 мың га жерді мемлекет меншігіне қайтару міндеті қойылған. Президенттің тапсырмасын орындау шеңберінде жергілікті атқарушы органдар мен агроқұрылымдармен жерді пайдалану мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Бүгінгі күнге жергілікті атқару органдарының мәліметі бойынша жеткізілген жоспарға сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттік меншікке қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында тиісті Алгоритм жасалып, оны орындау бойынша жұмыс жүргізілуде. Жылдың соңына дейін 100 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылады, - деп атап өтті ШҚО Жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис.
Сондай-ақ, 2023 жылға арналған көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару реформасының іске асырылуын, оның жүргізу барысына партиялық бақылау жасаудың Жол картасын бекіту және Шығыс Қазақстан облысының мүлік иелері бірлестіктерінің институтын енгізу туралы да сөз етілді. ШҚО құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасы басшысының орынбасары айтуынша, осы жылы бірқатар ауқымды мәселелер өз шешімін тапқан. Яғни, Өскемен қаласында 428 орындық медициналық колледжге арналған жатақхана нысандарының құрылысы аяқталған.Отырыс қорытындысы бойынша төмендегідей ұсыныстар енгізілді:
1. "AMANAT" партиясының мүшелері, Шығыс Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Н.Ф. Михейлиске, Шығыс Қазақстан облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы С. Ж. Чукаевқа, қалалар мен аудандардың әкімдеріне:
- Шығыс Қазақстан облысында пайдаланылмаған және ҚР заңнамасын бұза отырып заңсыз сатып алынған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде пәрменді шаралар қабылдап, жұмыстың барысы жайлы ақпарат жолдау;
- Сонымен қатар, әрбір ауылдың пайдаланылмаған жерлерін, мемлекет меншігіне қайтарудың жалпы жағдайын талдап (кімге, қалай, қанша, қандай негіздер мен шарттарға байланысты қайта берілді, қандай проблемалар бар) көрсету;
2. "AMANAT" партиясының аумақтық филиалдары жанындағы Партиялық бақылау комиссияларына:
-жерді қайтару процесінің бәсеңдеу себептерін, жерлердің қайта заңсыз немесе негізсіз беру фактілері болған жағдайда оларды уақтылы анықтау;
3. ШҚО құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасы Д.М. Кеңесбаевқа; ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Н.С. Жұмаділовке:
- " Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасында тапсырылған баптарды уақтылы және сапалы орындау бойынша шұғыл шаралар қабылдау;
4. Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басқармасының басшысының міндетін атқарушы Н.С. Рамазановқа, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдеріне:
- көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа формасына көшу, пәтер иелерінің кооперативтерінен пен меншік иелерінің бірлестіктеріне өзгертіп, қызметін қайта форматтау туралы халыққа түсіндіру бойынша жұмысты жалғастыру, оның іске асырылу барысын және проблемалық мәселелерді талқылау бойынша кездесулер өткізудің бекітілген кестелерін ұсыну.
ҚР Ұлттық жобасының түзетілген жоспарына сәйкес облыс бойынша тұрғын үйді іске қосудың 2022 жылғы жоспарлы көрсеткіші– 347,7 мың м2 құрайды. Бұл республикалық жыл сайынғы орташа өсімнің-101% болып табылады. 2022 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге (41 жоба) 21 163,9 млн. теңге қарастырылған болатын. Ағымдағы жылдың соңына дейін құрылыс колледжінің 244 орындық жатақхананың құрылысын аяқтау жоспарлануда. Ал, Көпсалалы колледж жатақханасының құрылысын аяқтау 2023 жылға жоспарланған,- деді Ахмамбетов Азамат Бірлесұлы
 Отырыс “Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!” сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөнінде баяндамалармен жалғасын тапты.
- Биыл автожолдарды жөндеуге 4 579,9 млн.теңге бөлінді, оның ішінде облыстық маңызы бар жолдарға 1 338,5 млн. теңге, аудандық жолдарға 3 241,4 млн. теңге. Облыс бөлінгенге дейін 154 шақырым автомобиль жолдарын жөндеу қарастырылған, бүгінгі таңда бөлінуге байланысты 120 шақырым автомобиль жолдары жөнделген. Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы бойынша 2022 жылға 97 км көшені жөндеуге 2 257,7 млн.теңге бөлінді. Барлық нысандар бойынша жұмыстар аяқталды, - деді Еркін Тұраров.