Апат айтып келмейді

273
көрілім

Өскемен қаласындағы Базовая көшесінде болған жол апатынан полиция қызметкері қаза болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, «Toyota Carina» көлігінің жүргізушісі өзге көліктерді басып озбақ болып, жол қауіпсіздігіне көз жеткізбей, қарсы бетте келе жатқан «Lexus»-пен және өзімен бір жолақта қозғалған «Nissan»-мен соқтығысқан. Апат салдарынан үш азамат - «Lexus» жүргізушісі, сондай-ақ «Toyota» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. «Toyota»-да болған 38 жастағы жолаушы (Өскемен полиция басқармасының қызметкері) алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Айта кетейік, жол апаты кезінде «Toyota» көлігінде қалалық полиция басқармасының үш қызметкері - көліктің иесі және екі жолаушы отырғаны анықталды. Олардың барлығы қызметтен тыс уақытта болған.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ