Арқарды заңсыз ұстаған

486
көрілім

Зайсан ауданында арқарды қолға үйретпек болған ауыл тұрғыны анықталды, деп хабарлайды газет тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қыркүйек айының соңында полиция капитаны Дәурен Мәукенов өзіне тиесілі аумақты аралап жүріп, 55 жастағы тұрғынның қорасынан арқарды көріп қалады.

– Тұрғын арқарды осыдан бір ай бұрын әкелгенін, қорадағы қойының нәсілін сапалы ету үшін арқармен шағыстырмақ болғанын мойындаған. Қызыл кітапқа енген жануарды заңсыз ұстағаны үшін ауыл тұрғынына қатысты сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Заңсыздыққа жол берген тұрғынмен қатар арқардың да тағдырын сот шешпек.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ