Арнайы қонағы болмақ

580
көрілім

Әлемге әйгілі бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызын Өскеменге шақыру жоспарлануда. Ол жаз маусымында өткізілуі көзделген "Жібек жолы жастар" фестивалінің арнайы қонағы болмақ, деп хабарлайды газет тілшісі YK-News.kz сайтына сілтеме жасап.

2019 жыл елімізде Жастар жылы болып белгіленген, деп хабарланды қалалық әкімдік отырысында. Аталмыш жыл барысында облыс орталығында бірқатар шаралар ұйымдастырылмақ. Оның бірі шілде айында өткізілуі жоспарланған "Жібек жолы жастар" фестивалі болмақ.

Шара аясында шеберлер жәрмеңкесі, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, концерт ұйымдастырылып, «Kazakh Union» каскадерлік тобының өнерлері көрсетіледі.

Бұдан бөлек, қазақтың тазы иті мен аушы құстарының жәрмеңкесі де өткізіледі. Әлемге әйгілі бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы аталмыш шараның арнайы қонағы болады деп жоспарланып отыр.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ